Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімҚоғам

ЕҰУ-да 382 орындық жаңа студенттер жатақханасы ашылды

?ENU-да жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Мағжан Жұмабаев көшесі, 10А мекенжайындағы жаңа заманауи ғимаратқа ЕҰУ студенттері биылғы жаңа оқу жылында қоныстана алады.

?Студенттер үйін инвестор-құрылыс салушы «Bastau Damu kz» компаниялар тобы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде тұрғызды. Жатақхананың ауданы 4300 шаршы метр, 6 қабат және 158 бөлмеден тұрады. Әр бөлмеде 2 адамнан орналасады.

??Студенттер үйінің бірінші кіре берісінде жігіттер, екіншісінде қыздар тұрады. Сондай-ақ әр қабатта коворкинг, оқу залдары, санитарлық бөлмелер, асханалар, бейнебақылау орнатылған. Бірінші қабатта консьерж болады.

?Тұрғын үйге қатысты барлық сұрақтар бойынша ЕҰУ Студенттер үйлері дирекциясына

8 (7172) 70 95 68, 8 708 425 17 00 немесе М.Жұмабаева 14 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

Сәйкес жаңалықтар

Ауа райына байланысты бірқатар өңір жүргізушілеріне ескерту жасады

Астана тұрғыны 30 тонналық ұшақты орнынан қозғап, рекорд жаңартты (ВИДЕО)

Аида Балаева Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарының қорытындысымен бөлісті