JOLTAP: астаналықтар графикалық дизайнды меңгеріп, одан табыс таба бастайды

0
113

18 бен 50 жас аралығындағы Астана тұрғындары өзекті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқытудан тегін өтіп, JOLTAP жобасының арқасында жұмыс таба алады. Бағдарлама «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қорының қатысуымен елорда әкімдігінің бастамасы болып саналады. Сабақтар қалай өткізілетіні және олардың қандай пайда әкелетіні туралы графикалық дизайн бағытының оқытушысы Дәулет Аждар айтты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Дәулет Аждар алты жылдан астам уақыт бойы графикалық және веб-дизайнмен айналысады. Диджитал агенттікті басқаратын ол JOLTAP жобасында қысқа мерзімді курстардан сабақ береді.

«Біз JOLTAP жобасы аясында әзірленген бағдарлама бойынша оқытамыз. Оған бірнеше модульдер кіреді: Дизайн құралдарымен жұмыс істеу негіздері, Графикалық дизайн негіздері, Adobe Photoshop және Figma бағдарламаларымен жұмыс істеу, әлеуметтік медиа дизайны, брендинг және брендинг стилі, өзіндік жарнама. Сондай-ақ өткен айда біз нейрожелілермен жұмыс істеу бойынша сабақ қостық», – деді Дәулет Аждар.

JOLTAP студенттері қажетті техникамен және құралдармен жабдықталған заманауи кабинетте оқытылады.

«Сыныпта бейіндік бағдарламалардың жұмыс істеу талаптарына толық сәйкес келетін 20 компьютер бар. Мұндай бағдарламалар үшін жоғары техникалық өнімділік қажет. Сондай-ақ оқу материалын таныстыруға арналған жабдық бар», – деп атап өтті оқытушы.

Графикалық дизайнер мамандығы сұранысқа ие әрі кең профильді болып саналады. Түлектер жөндеуден бастап, білім саласына дейін әртүрлі салаларда жұмыс таба алады.

«Курсты сәтті аяқтағаннан кейін түлектер Графикалық дизайн саласында тапсырыстар алып, айына 100-ден 150 мың теңгеге дейін табыс таба алады», – деп толықтырды Дәулет Аждар.

Тегін қысқа мерзімді курстарға «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерінде жазылуға болады. Оқыту 8 жұмыс дағдысы бойынша (тігінші, сәнгер-конструктор, бухгалтерлік есеп негіздері, корпустық жиһаз жасау негіздері, сатушы-кассир, электр газбен дәнекерлеуші, бариста, аяқ киім жөндеу) және 7 цифрлық дағды бойынша (SMM, сайттарды әзірлеу, бейнемонтаж, Графикалық дизайн, мобилография, маркетплейстердегі сауда, таргет) өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ