Жол жүру уақыты 3 сағатқа дейін қысқарды

0
77

БАҚ өкілдері республикалық маңызы бар «Талдықорған-Алматы», «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал-Достық» күре жолдарының учаскелеріне барды.  

Қатысушыларға жол-жөндеу жұмыстары, автожолдардың сапасы мен диагностикасына сараптама жүргізу кезінде жаңа технологияларды қолдану, “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы қызметі” және сынақ зертханаларының жұмыс процесі көрсетілді.

«Сапа Керуені» баспасөз туры барысында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Бас директоры Болатбек Айтбаев, ҚР КМ Автомобиль жолдары комитетінің ғылым және жұмыс сапасы басқарма басшысы Нұртілек Хасенов, ЖАСҰО Жетісу облысы филиалының директоры Бейбіт Иманғалиев пен «Қазавтожол» Жетісу облысы бойынша филиал директоры Нұрхат Ақылтаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына толық жауап берді.

Еліміздің шығыс және оңтүстік бөліктерін байланыстыратын «Талдықорған – Өскемен» автожолы маңызды көлік артерияларының бірі болып табылады, өңірлерді дамытуда, оның ішінде туризмді, жаңа жұмыс орындарын құруда және мәдени мұраны сақтауда шешуші рөл атқарады. Жетісу облысының аумағы бойынша «Талдықорған – Өскемен» автожолын қайта жаңарту учаскесінің жалпы ұзындығы 314 км құрайды. Бұл жобаны қайта жаңарту 2019 жылы басталды. Қайта құру нәтижесінде автожолдың техникалық параметрлері жоғарылатылды: 32 шақырым бірінші техникалық санатқа және 282 шақырым екінші техникалық санатқа ауыстырылды, онда екі жолақ 9 метрге дейін кеңейтілді. Сондай-ақ, 27 автомобиль көпірі салынды, 350-ден астам су өткізгіш құбырлар жасалып, 1500-ден астам жарықтандыру тіректері орнатылды, трассаны жарықтандыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Жол бойында мыңдаған сызықтық метр қоршау мен тосқауыл қоршаулары орнатылды. Барлық жерде қажетті жол белгілері қойылып, олардың саны шамамен 2000 жетті. Учаскенің құрылысы барысында мердігерлермен 5 асфальтбетон зауыты, 500-ден астам жол-құрылыс техникасы мен 700-ге жуық персонал жұмылдырылды, бұл ретте қызметкерлердің негізгі бөлігі жергілікті өңірден жұмылдырылды. 2,4 млн тонна асфальтбетон, 3 млн тонна инертті материалдар және 97 мың тонна жол битумы пайдаланылды. Жансүгіров ауылында және Үшарал қаласында екі жол  пайдалану учаскесін, сондай-ақ Қабанбай ауылында бір жол пайдалану пунктін салу көзделген. Бұрын бұл жол учаскесі бойынша жол жүру 6 сағат уақытты алса, қайта құру нәтижесінде жол жүру уақыты 3 сағатқа дейін қысқарды. Бүгінгі таңда барлық негізгі жұмыстар аяқталды, жол жиектерін нығайту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жоба басталғаннан бері жол активтері сапасының ұлттық орталығы осы учаскелерге 429 инспекциялық шығуды жүзеге асырды, оның барысында 1,7 мың жол құрылысы материалдарының сынамасы іріктеліп, сыналды. Сапа сараптамасының нәтижелері бойынша нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін 175 (10%) ЖҚМ сынамасы анықталды, 321 ақау анықталды (321 немесе 100% жойылды).

Ұзындығы 180 шақырымды құрайтын «Үшарал-Достық» жолы 2019 жылы қайта жаңартылып, 2023 жылы пайдалануға берілді. Бұл автожол елімізді Қытай Халық Республикасымен байланыстырып тұр. Жоба бойынша 147 су өткізгіш құбыр орнатылып, 8 жаңа көпір мен қардан қорғайтын қоршау салынды, сыртқы жарықтандыру, санитарлық-гигиеналық тораптар мен павильондар орнатылды.

Учаскенің құрылысы барысында мердігерлермен 3 асфальтбетон зауыты, 380-ен астам жол-құрылыс техникасы мен 570-ке жуық персонал жұмылдырылды, бұл ретте қызметкерлердің негізгі бөлігі жергілікті өңірден тартылды. 937 мың тонна асфальтбетон, 1,8 инертті материал және 32 мың тонна жол битумы пайдаланылды. Жоба басталғаннан бері аталған учаскелерге 202 инспекциялық шығу жүзеге асырылды, оның барысында 677 ЖҚМ сынамасы іріктеліп, сыналды. Сапа сараптамасының нәтижелері бойынша 160 ақау анықталды (100% жойылды).

Соңғы жаңалықтар

21 қыркүйек 2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін Астана қаласында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

20 қыркүйек 2024

ХАБАРЛАНДЫРУ! Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында

20 қыркүйек 2024

Жолшылар арасында біліктілікті арттыруға бағытталған курстарға сұраныс артуда

20 қыркүйек 2024

Астанада Қазақстан-Грузия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысы өтті

20 қыркүйек 2024

Таксомоторлық тасымалдау саласындағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі туралы тасымалдаушылар мен жолаушыларға арналған ақпараттық жадынама

ПІКІР ҚАЛДЫРУ