Елордалық ауыр атлет жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанды

0
51

Испанияның Леоне қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Астана қаласының спортшысы Едіге Емберді алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

89 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (153+199) келіні бағындырды.

Екінші орынды ирандық Алиреза Абаспур (351 келі), үшінші орынды колумбиялық Джоксер Альборнос (350 келі) иеленді.

Айта кетейік ол бұған дейін де жастар мен 17 жасқа дейінгі кіші жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ