Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Экономика

Қазақстанда 42,5 млн. тоннадан астам жем дайындалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі мәлім етті.

Жем-шөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жем-шөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жем-шөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2млн. гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жем-шөп үлесі шамамен 14%– құрады (2023 жылы-13%).
24,5 млн. тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн. тонна), пішен – 1,7 млн. тонна, сабан – 4,6 млн. тонна, концкорм – 5,5 млн. тонна және сүрлем – 2,0 млн. тонна дайындау жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 4 қазандағы жағдай бойынша 32,5 млн. тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардан 88,5%, 1,8 млн. тонна пішен немесе жылдық жоспардан 110,2%, 2,7 млн. тонна құрама жем(49,6%), 1,8 млн. тонна сүрлем (92,9%) және 3,7млн. тонна сабан дайындалды (80,8%).

Жалпы, Қазақстанда жем-шөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

Сәйкес жаңалықтар

Қытайға биыл 1,1 млн тонна астық жөнелтілді

«Үш ай қатарынан 100 аударымнан болу керек». Мобильді аударымдар қандай жағдайда тексеріледі?

Республика күнінде жаңа білім беру нысандары ашылды