Іс-шараның мақсаты – батыс өңірінің өнерімен таныстыру

0
64

Шығыс Қазақстан облысында «Атадан қалған асыл тін» атты Маңғыстау облысының қолөнер және қылқалам шеберлері мен зергерлерінің көрме-жәрмеңкесі басталды. Іс-шараның мақсаты – батыс өңірінің өнерімен таныстыру және креативті индустрия өкілдерін қолдау.Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Өскеменге суреттер, қолөнер және зергерлік бұйымдар, этностильдегі ересектер мен балалар киімдерінің коллекциялары әкелінді. Өз жұмыстарын танымал брендтер де, жаңадан бастаған креаторлар да ұсынды.

Сондай-ақ, маңғыстаулық әртістер шығыс қазақстандықтарды өз шығармашылығымен тәнті етті.

Көрме-жәрмеңке екі күнге созылады. Батыс өңірінің шеберлері енді Павлодар қаласына барады.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ