Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды.

Сурет: United world wrestling
Ержет Бішкекте (Қырғызстан) Азия чемпионатында алтын медаль алған.

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Ержет Жарлықасын Тиранада (Албания) өтіп жатқан олимпиадалық емес салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды.

“Қазақстандық балуан 63 келіде дейінгі салмақта «күміс» алды. Финалда ол Әзербайжаннан келген Нихат Маммадалиге қарсы тұрды. Шешуші жекпе-жек қарсылас пайдасына 6:1 есебімен аяқталды. Ержет әлем чемпионатын «күміспен» аяқтады”, – делінген Ұлттық Олимпиада комитеті хабарламасында.

Айта кетелік, биыл Ержет Бішкекте (Қырғызстан) Азия чемпионатында алтын медаль алған.

Сәйкес жаңалықтар

Ағаш отырғызу – біздің болашаққа қосқан үлесіміздің белгісі

Чемпиондар лигасы: «Астана» Тбилисиде камбэк жасады (ВИДЕО)

zamandas69@mail.ru

БИБІСАРА АСАУБАЕВА – ГРАН-ПРИДІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ