Асфальт төсеуге мүмкіндік беретін арнайы технологияны сынақтан өткізуде
Жол құрылысы стандарттары бойынша, асфальт-бетон қоспасының температурасы жол салу кезінде кемінде 125-130 градус болуы керек, ал асфальт тек +5 градустан жоғары ауа температурасында ғана төселуі тиіс. Алайда ғалымдар қоспаны 90 градус температурада дайындап, оны -10 градусқа дейінгі температурада төсеуге мүмкіндік беретін кешенді қоспаны ойлап тапты.
Қоспаны қолдану барысында жол жамылғысының барлық физика-механикалық қасиеттері сақталады, асфальтты дайындау және тығыздау кезеңдерінде энергия шығыны едәуір азайып, қоршаған ортаға тиетін теріс әсер көрсеткіші төмендейді. Институт мамандары кешенді қоспа битум мен минералды материалдар арасындағы байланысты күшейтетініне де назар аударуда.
Арнайы қоспанының зертханалық сынақтары алдымен Алматыдағы «ҚазжолҒЗИ»-дың лабораториясында жүргізілді. Зертханалық сынақ нәтижесі жаңа қоспа қатал климаттық жағдайда жолдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмайтынын көрсетті.
Технология республикалық маңызы бар Күрті-Бұрылбайтал жолында сынақтан өтуде. Егер сынақ сәтті өтсе, бұл технология жол құрылысы маусымын ұзартып, энергия ресурстарына кететін шығынды қысқартып, асфальт-бетонды қыздыруға байланысты көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік бермек.
ПІКІР ҚАЛДЫРУ Бас тарту
КӨП ОҚЫЛҒАН
-
Тәрбие – тал бесіктен басталады
21.02.202331190Адам баласы шыр етіп дүниеге келісімен тал бесіктен, жер бесікке дейін тәлім-тәрбиені ... -
Қазіргі қазақ прозасындағы мистика
07.04.2023
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ17VPY00041336 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.
E-mail: zamandas69@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер