Әзербайжан біз үшін сенімді серіктес қана емес, бауырлас ел

0
9

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған мәдени шараға қатысты. Екі елдің мәдени және ғылыми қоғамдастығының өкілдері «Отан соғысы тарихы. Тұлға факторы» кітабы таныстырылған шарада ынтымақтастықтың болашағын талқылау үшін бас қосты.Бұл туралы Сенаттың Баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті және елдер арасындағы ынтымақтастық ғасырлар бойғы достыққа, ортақ тарих пен мәдениетке негізделгенін атап өтті. Сенатор екі мемлекет басшылары арасындағы тұрақты кездесулер мен қол қойылған екіжақты құжаттар саяси және мәдени өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға берік негіз қалыптастырғанын атап өтті.

«Әзербайжан біз үшін сенімді серіктес қана емес, бауырлас ел. Біз ынтымақтастықты саясаттан мәдениетке дейінгі барлық салалар қамтылатын стратегиялық әріптестік ретінде қарастырамыз. Бұл шара біздің байланыстарымызды нығайту мен өзара түсіністікті тереңдетудегі маңызды қадам болып табылады», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сенаторлар сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы осындай маңызды оқиғаның рөлін атап өте келіп, оны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ