Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Шоу-бизнес

Екі апта ішінде 1 миллиард касса жинаған

фото: скрин
Бұл жайлы фильмнің продюсері Серік Ибрагимов мәлімдеді.

Жақында үлкен экранға жол тартқан «Zamanback» фильмі екі апта ішінде 1 миллиард касса жинаған. Бұл жайлы фильмнің продюсері Серік Ибрагимов мәлімдеді.

«Сүйінші! Алланың қалауымен, сіздердің қолдауларыңызбен ZamanBack фильмі рекордқа қадам басты. Біз сіздерді құттықтаймыз! Бұл халықтық фильм! Екінші толқын басталды», – деп жазды Серік Ибрагимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары продюсерге ізгі тілектерін жазған.

Дистрибьюторлардың айтуынша, Серік Ибрагимов түсірген комедия отандық кинотеатрларда 18 күн ішінде 1 миллиард 44 миллион теңге табыс тапса, оның 46 пайызы, яғни 480 миллион теңгесі Kinopark және Kinoplexx желілерінің кинотеатрларынан түскен.

Сәйкес жаңалықтар

Бесбаев қызына қандай ат қойғанын айтты

Мүгедек балаларды қолдауға бағытталған заң жобасы қабылданды

zd_admin

Халал тойда мас болып, соққыға жығылған