Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды

Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.

Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сәйкес жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан арасында жаңа маршрут іске қосылады

«Қазақфильм» киностудиясы ресми мәлімдеме жасады

Жүкті әйелдерге консультациялық – диагностикалық көмек көрсету бойынша ұсынымдар берді