Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«Қазақфильм» киностудиясы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық «Қазақфильм» киностудиясының барлық негізгі өндірістік нысандары мемлекет меншігінде қалатынын ресми түрде мәлімдейді.
Бұл Рысқұлов даңғылындағы «П» әрпі түрінде жобаланған ғимаратқа да қатысты. Ғимарат әлі де «Қазақфильмнің» меншігінде. Оны сату туралы ресми дерек жоқ.
Әр азамат пікір білдіруге құқылы. Бірақ жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына қайшы келеді және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қатаң жауапкершілік қарастырылған.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, оның ішінде Ерлан Төлеутай мырзаның жазбаларында да расталмаған және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылуда. Бұл қоғамда мемлекеттік органдарға деген сенімсіздікке әкелуі мүмкін.
Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз.

Сәйкес жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдыдан мемлекетке 55,4 млрд теңге қайтарылды

Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласындағы көлік-логистикалық, энергетикалық, индустриялық және туристік жобалармен танысты