Бұл саланы жетілдіру мемлекеттік саясаттың басты міндеті

0
7

фото:Сенат

Нұртөре Жүсіп және Мұрат Қадырбек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысына қатысты.

Сенат Парламентінің Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп отырыс барысында еліміздің тұрақтылығы мен дамуы үшін мемлекеттік қызметтің маңызды екенін айта келіп, бұл саланы жетілдіру мемлекеттік саясаттың басты міндеті болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ Әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы мемлекеттік қызметшілердің рөліне тоқталды және олардың біліктілігі мен құзыретін үнемі арттыру қажеттігін жеткізді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әділетті қоғам құрудағы мемлекеттік қызметшілердің ауқымды рөлін бірнеше рет атап өткен болатын. Бұл саланы үнемі жетілдіріп отыру қажет, оның ішінде цифрландыру, кадр әлеуеті мен ынталандыру жүйесін дамыту аса маңызды. Бұл шаралар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады және халықтың билікке деген сенімін нығайтуды көздейді», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллект құралдарын енгізудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, мұндай технология мемлекеттік органдар жұмысының жеделдігі мен ашықтығын арттырумен қатар, бюрократиялық кедергілерді еңсеруге де ықпал етеді.

«Жасанды интеллект деректерді өңдеу процесін жеделдетумен қатар ауқымды көлемдегі ақпаратты талдау арқылы шешім қабылдаудың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Алайда, оны енгізу кешенді тәсілді талап етеді, оған процестерді автоматтандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар және кадрларды оқыту жүйесі кіруі тиіс», – деді сенатор.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ