Білімі мен тәжірибесін басқа колледждердің студенттеріне үйретіп жүр

0
14

Осыдан 20 жыл бұрын Астана мен Сеул арасында елордалық ЖОО мен колледж студенттерінің тағылымдамадан өтуі туралы меморандумға қол қойылған болатын. Оңтүстік Кореяда тәжірибеден өткендердің бірі – Астана қалалық технологиялық колледжінің 3-курс студенті Карина Цыганкова. Қазір ол алған білімін өзге студенттерге үйретіп жүр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Карина Цыганкова – Астана қалалық технологиялық колледжінің «Шаштараз» мамандығы бойынша 3-курс студенті.

Өткен жылы Оңтүстік Кореяда сегіз айлық тағылымдамадан өткен ол шаштараз мамандығын оқумен қатар, сәндеудің қыр-сырына үңіліп, шеберлігін шыңдады.

Бүгінде Карина өзінің білімі мен тәжірибесін басқа колледждердің студенттеріне үйретіп жүр. Ол осған дейін бірнеше астаналық сән салонынан жұмыс істеуге ұсыныс алған. Дегенмен ол жақын арада жеке салон ашып, отандық сән индустриясының дамуына үлес қосуды жоспарлап отыр.

Соңғы 20 жылда елімізден 100-ге жуық студент шетелге шығып, Кореяның жұмысшы мамандықтарының қыр-сырын меңгеріп, өндірістік тәжірибеден өткендігі туралы арнайы сертификаттар алды. Осы ынтымақтастық пен жинаған тәжірибенің арқасында жас қазақстандықтар үздік маман атанып, елімізде өз кәсіптерін ашып, табысты жүргізіп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ