Ақмола облысында есепшілер 83 млн теңге жымқырған

0
212
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында білім беру саласының есепшілері аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық пркуратураның мәліметінше, Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шоттарына ақша аударған. Аударымдардың шынайылығын көрсету үшін есепші тауарларды жеткізуге келісімшарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен. Банктік шоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, есепші жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 млн теңге аударған.

Осыған ұқсас екінші жағдай Степногорск қаласы мектептерінің бірінде анықталды. Тергеудің нәтижесінде мұнда есепшінің өз шотына 36 млн теңгені жалақы ретінде аударғаны анықталды.

Осы фактілер бойынша қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде ұрлау») бойынша тіркеліп, оны Ақмола облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлары және Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тергеп жатыр.

Осы бап бойынша жаза белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ