Ақпаратты бұрмалауға жол бермей, халыққа шынайы ақпарат беріп отыру өте маңызды – Айбек Дәдебаев

0
68
Фото: Акорда

Ақпаратты бұрмалауға жол бермей, халыққа шынайы ақпарат беріп отыру өте маңызды. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебаев республикалық телеарнаға берген сұқбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, елді дүрліктірмес үшін, төтенше жағдай кезінде кез келген ақпаратты мұқият тексеріп алып, халыққа түсінікті тілмен тарату қажет. Сол себепті  тасқын су салдарына қатысты qoldau.gov.kz сайты құрылған.

«Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін арнай qoldau.gov.kz сайты ашылды. Сайтта өтемақы алу, зардап шеккен тұрғын үйлерді қайта салу бойынша өтініш қабылдау функциясы бар. Оған қоса, бөлінген қаражатты қадағалау үшін сайттың ішінде арнайы парақша ашылады. Тасқыннан зардап шеккен азамат өзінің аты-жөні мен ЖСН енгізу арқылы кіріп, оған тиесілі көмек түрлері туралы ақпарат алатын болады. Бұл функция жақында іске қосылады. Осылайша әрбір азамат өзіне тиесілі көмекті бақылай алады», – деді Айбек Дәдебаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ