АҚШ Bereke bank-ке салынған санкцияны алып тастады
АҚШ соғысқа байланысты Ресейдің көптеген компаниялары мен жеке тұлғаларына санкциялар енгізген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ-тың қара тізімінде Bereke bank-те болған (бұрынғы Сбербанк Қазақстан). Сбербанк Ресейдің ірі банк компанияларының бірі. Қазақстандағы еншілес компания атауын өзгертіп, ребрендиг жасаған.
Қазір оған салынған санкция алынды. Бұл туралы АҚШ қаржы министрлігі сайтында жарияланды.
Bereke Bank наурыз айында АҚШ билігінің санкциялардан алып тастау шешімін күтіп отырғанын хабарлаған.
Қанат Шарлапаев Bereke Bank қызметін қалпына келтіргеннен кейін инвесторға сатуды жоспарлап отырғанын айтқан.
«Бұл менің шешімім ғана емес, мен қаржы нарығындағы үлкен бәсекелестік болу үшін шетелдік инвесторлаға беруді қалаймын», деді Бәйтерек холдингінің басшысы.