АҚШ-тағы торнадодан 26 адам көз жұмды

0
93

АҚШ-тың оңтүстігі мен орталық батысындағы аудандарында торнадо болып, 26 адам қайтыс болды. Бірнеше штатта үйлер қирап, мыңдаған адам жарықсыз қалды.

ABC News мәліметі бойынша, табиғи апаттан тоғыз штат зардап шекті.

Арканзас, Теннесси, Иллинойс, Индиана, Алабама мен Миссисипиде қайтыс болған адамдар туралы белгілі болды.

Торнадо Арканзастағы Уинн қаласымен өткен. Жергілікті тұрғын Эшли Макмиллан жолдасымен, балаларымен және итімен бірге кішкентай жуынатын бөлмеде тығылып отырған. Торнадо жүріп өткенде олар бір-бірімен қоштасып, өлеміз деп ойлаған. Құлаған ағаш үйлерін зақымдаған, ал өздері зардап шеккен жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, Арканзаста кем дегенде бес адам, оның төртеуі – Уиннде және біреуі Литл-Рокта көз жұмған.

Тағы жеті адам Теннесиде, төртеуі Иллинойста және үшеуі Индианада қаза тапты. Алабама мен Миссисипидегі құрбандар туралы да хабарланды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ