Ақтөбе облысында әкімді пышақтап өлтірген шаруа сотталды

0
232
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында әкімді өлтірген ауыл тұрғыны сотталды, деп хабарлады «Мой город».

Бұл оқиға 2022 жылдың 11 желтоқсанында Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Сарықобда ауылдық округінде болған. Жергілікті фермер мен әкім жанжалдасып қалған. Ішімдікке сылқия тойып алған тұрғын жанжал кезінде ауыл әкіміне пышақ сұғып алған. Жәбірленушіден көп қан кетіп, алған жарақатынан қайтыс болды. Ал фермер абайсызда адам өлтіргені үшін жауапқа тартылды.

Ал кеше осы оқиғаға қатысты Алға аудандық соты үкім шығарды. Прокурор сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ол өз кінәсін толығымен мойындап, өкінетінін де жеткізді. Судья фермердің кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін де ескерді. Оған қоса, сотталушы жәбірленуші тарапқа 25 миллион теңге моральдық шығын төлеген. Алайда қылмысты мас халде жасағаны жазаны ауырлататын мән-жай болды.

Судья әкімді пышақтап өлтірген ауыл тұрғынын 8 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ