Қарағандыдағы балабақшада балалар уланып қалған

0
217
фото: nvkz-tub.ru

Қарағанды балабақшаларының бірінде балалар хлордан уланып қалды. Бұл туралы ekaraganda.kz хабарлады.

Ата-аналардың айтуынша, «Бәйтерек» балабақшасында 10 шілдеде уланып қалған 2 баланың бірінің асқазанын шайған, екіншісінің өңеші күйіп қалған. Қазір екеуі де көпсалалы облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр.

Тәрбиеші хлорды жәй сумен шатастырып алған. Менің ұлымнан басқа тағы бір қыз уланды. Бірақ оның жағдайы жақсы. Оқиға болған кезде бізге ешбір балабақша маманы хабарласып айтпады, тек кешке балаларымызды әкетуге келгенде бір-ақ білдік. Егер дер кезінде жедел жәрдем шақырып, балалардың асқазанын шайса, жағдай ушықпас еді, – дейді Алина есімді тұрғын.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тексеру жүргізіліп, ем тағайындалды. Қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлық.

Сондай-ақ Қарағанды қалалық білім бөлімі 11 шілдеде оқиғаға кінәлі мамандардың жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Сағат 18:30 шамасында «Еркетай» тобының балалары серуенде су сұраған. Тәрбиеші топқа барып, шәйнектен су құйған. Тәрбиешінің көмекшісі шәйнекті тазарту үшін бір део-хлор таблеткасын салып қойған. Су алуға келген тәрбиеші бұл туралы білмеген. Медицина қызметкері сағат 18:55-те жедел жәрдем бригадасын шақырды.

Бұл факті санитарлық нормаларды сақтау талаптарын білмеудің салдарынан болды. 11 шілдеде барлық кінәлі – медицина қызметкері, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады білім бөлімі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз