Ақтөбеде малдан инфекциялық ауру анықталды

0
322

Ақтөбе облысы Алға ауданында малдан инфекциялық ауру анықталды. Қазіргі кезде қан сынамасы зертханаға жіберіліп, ринотрахеит диагнозы қойылды, деп хабарлайды zamandas.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алға ауданы Бестамақ ауылында мал арасында белгісіз ауру анықталып, қан сынамасы зертханаға жіберілді. Онда ірі қара арасындағы инфекциялық ауру екені анықталды.

«Бұл ауа арқылы жұғатын инфекциялық ауру. Мұрнынан сілекей ағады. Қазіргі кезде бәрі қалыпқа келді. Өлім тіркелмеді. Алғашында 7, кейін 35 бас мал ауырды. Оларды оқшаулап, емдедік. Бірақ аусыл емес», – деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров.

Оның айтуынша, мал дәрігерлері ем-шара жүргізіп, дезинфекциялық жұмыс жасаған. Айта кетейік, Бестамақ ауылында мал ауруы қазан айынан бастап тіркелген. Ауыл тұрғыны Қалабай Көздібаевтің айтуынша, жайылымнан оралған мал ауырып, ем жүргізілген. Әзірге карантин жарияланған жоқ.

«Инфекциялық ринотрахеит Есет батыр, Бестамақ, Қатпар ауылдарынан басталды. Сынама қорытындысы алынды. Шынымен де инфекциялық ринотрахеит екені анықталды. Мал арасында жиі кездесетін ауру. Адамға зияны жоқ», – деді Алға ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Ермағамбетов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ