Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Абай облысының конькишілері Әлем кубогында жүлдегер атанды

2026 жылғы 21-22 ақпан күндері Германияның Инцелль қаласында  конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогының үшінші кезеңі өтті.

Аталған халықаралық жарыста облыс спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша Анастасия Беловодова жалпы есепте 2-орын иеленді. Сонымен қатар, спортшы 1500 метр қашықтықта 3 орын алып, жүлдегер атанды. Ал Вадим Чебардаков юниорлар арасында 3000 метр қашықтықта халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Жарыс нәтижелері бойынша спортшылар алдағы әлем чемпионатына жолдама алды. Әлем чемпионаты 27 ақпан-1 наурыз күндері Германияның Инцелль қаласында өтеді.

Сәйкес жаңалықтар

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

zamandas69@mail.ru

«Бибігүл Төлегенова – қазақ бұлбұлы» атты мерекелік концерт өтті

zamandas69@mail.ru

Мадрид мастерс турнирінде Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бақ сынайды