Адам саудасы тыйылмай тұр.

0
109
 Фото: ашық дереккөзден
Бүгін – адам саудасына қарсы дүниежүзілік күрес күні. Жер бетінде құл иелену заңсыз болса да, іс жүзінде адам саудасы тыйылмай тұр.

Соңғы рет Мавритания 1981 жылы құл иеленушілікті заңсыз деп танып, адам саудасына нүкте қойды. Алайда мұның бәрі заң тұрғысында ғана. Ал шынтуайтында статистика басқаша сөйлейді. Әлем бойынша 50 миллионнан астам адам құлдықтың қамытын киіп жүр. Олар ауыр жұмысқа күштеп жегілген. Немесе тән саудасымен айналысуға мәжбүр.

Адам саудасының ең көп таралған түрі – жыныстық қанау. Оның құрбаны, негізінен әйелдер мен қыздар. Бүгінде ондай адамдардың саны 22 млн-ға жеткен. Туған-туыстарының қысымымен тұрмыс құратын жасөспірім қыздардың дені 15 жасқа да толмаған. Бұдан соң мәжбүрлі еңбекке жегу әрекеттері көп таралған. Жалпы адам сатып, құлдыққа жегу бойынша құрбандардың шамамен үштен бірін, яғни 20%-ін балалар құрайды. Әсіресе Қара құрлық пен Меконг аймағында балаларды сату жағдайлары көп тіркелген.

Адам саудасының ең көп таралған түрі: Зорлық зомбылық (79%)

Оның құрбаны – әйелдер мен қыздар Мәжбүрлі еңбекке жегу (18%)
Біріккен ұлттар ұйымы кез келген бала нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан зорлық-зомбылықсыз, бейбіт күнде жақсы өмір сүруге құқылы деген қарар қабылдады. Соған қарамастан, қазір әлемде 160 миллион бала құлдықтың қамытын киіп жүр. 2017 жылы көрсеткіш 152 миллион болса, қазір оның едәуір өскенін байқаймыз. Оның ішінде 84 миллион бала тұрмысы нашар елдерде, 11 миллионы Америкада, 6 миллионы Еуропа мен Орталық Азияда, араб елдерінде қара жұмысқа жегілген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ