«Қайсар» сырт алаңда «Қайратты» жеңді

0
108

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турында «Қайсар» сырт алаңда «Қайратты» жеңіп кетті.

Жанкүйерлер алматылық «Қайрат» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдады.

Алматылық клуб биыл команданың өз түлектеріне үміт артып келеді.

Соған қарамастан турнир кестесінде жүлделі орынға таласатын ұжымдар қатарында саналып отыр.

Бүгінгі кездесуде қызылордалық клуб жинақы қимыл көрсетті.

Нәтижесінде олардың қатарынан Загре Бен Азиз 10, Дмитрий Бородин 24. 48-минутта үш мәрте мергендік танытты.

Осылайша «Қайсар» қарсыласын 3:0 еесбімен жеңіп кетті.

Дәл қазір «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) кездесулері өтіп жатыр. Әзірге есеп – 0:0.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Тобыл» «Мақтаралдан» 1:0 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, 20 мамырда «Жетісу» өз алаңында «Атыраудан» 0:3 есебімен жеңілді.

Ал «Шахтер» «Ақсуды» 2:1, «Астана» «Қызылжарды» 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Дереккөз: fckaysar.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз