Фейк: «Қазақстанның жерлері қытайлық сайттарда сатылады»

0
176

Facebook-те Қытайдың интернет-алаңдарында қазақстандық ауыл шаруашылығы алқаптары ашық сатылып жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігі жоққа шығарды.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Желіде таралған қазақстандық жерлердің сатылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді.
Әлеуметтік желіде жарияланған Қытай елінің сайтындағы Қазақстан аумағындағы жерлердің сатылатындығы туралы ақпарат жалған екендігін мәлімдейміз», – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ