Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықДенсаулық

АЛҒАШҚЫ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында аймақтағы алғашқы үздік тәжірибелік орталық ашылды. Оған қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру шаралары туралы айтып, орталықтың ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының президенті, академик Төлебай Рахыпбеков ізгі тілегін білдірді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков қатысушыларды мұндағы кабинеттермен және әлеуметтік-психологиялық көмек жобасымен таныстырды.
Үздік тәжірибелік орталық жобасы өткен жылдан бері «Premy Health Care» ұлттық ассоциациясымен бірге алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жаңа технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта мұндай орталықтар №3, 6- қалалық емханаларда және Жалағаш аудандық ауруханасында ашылмақ. Бұл халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады.
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

ІІМ терроризм туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік барын ескертті

Президент Иран елінің басшысына көңіл айтты

Сенат Спикері «Тоқаев моделі» туралы – тарих тағылымы мен жарқын болашақты бір арнаға тоғыстырады