Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Президент Иран елінің басшысына көңіл айтты

Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ибрахим Раисиге көңіл айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Керман қаласында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан сізге, жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы бақилық болғандардың жандары жәннатта болуына, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан

ПАРА БЕРУ ДЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ

zd_admin

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

zamandas69@mail.ru