Al Khaleej Sugar — әлемдегі ең ірі автономды қант зауыты

Алматы облысы ауқымды инвестициялық жобаның алаңына айналуы мүмкін: әлемдегі қант индустриясының көшбасшыларының бірі — Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы Қонаев қаласына жақын жерде қант зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда.
Ынтымақтастық перспективалары Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен компанияның басқарушы директоры шейх Джамаль Әл Ғурайр арасындағы кездесуде талқыланды. Тараптар негізгі мәселелерді — жер учаскесін таңдау, қант қызылшасына арналған егіс алқаптарын ұйымдастыру, су ресурстарына қол жеткізу және зауытты энергиямен қамтамасыз ету жайын талқылады.
Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру үшін ең қолайлы орын ретінде Қонаев қаласына жақын орналасқан аумақ логистикалық ыңғайлылығының арқасында таңдалып отыр.
«Біз қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, толықтай автономды кәсіпорын құрғымыз келеді. Бұл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті шейх Джамаль Әл Ғурайр.
Al Khaleej Sugar — әлемдегі ең ірі автономды қант зауыты, жаһандық тазартылған қант нарығының шамамен 3%-ын қамтамасыз етеді. Компания өндірістен бастап құрылыс пен жылжымайтын мүлікке дейінгі түрлі салаларда табысты жобаларымен танымал.