Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады
Тергеу жұмыстары басталды.
Алматыда аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен экс-судья Светлана Жолманова қамауға алынды, – деп хабарлайды zamandas.kz Aikyn.kz.-ке сілтеме жасап.
Ол Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Тергеу жұмыстары басталды.
– Медеу аудандық полиция Басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр,- деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.