Александр Бублик әлемдік рейтингте рекорд орнатты

0
24
Фото: ФТК

 – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған рейтингіде Қазақстанның 1-ракеткасы Александр Бублик рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Қазақстандық теннисші 18-ден 17-орынға көтерілді. Бұл – оның рейтингідегі ең үздік көрсеткіші.

Александр Шевченко 59-дан 60-қа, Михаил Кукушкин 129-дан 134-ке сырғыды.

Бейбіт Жұқаев 182-ден 174-ке жоғарылады. Бұл да оның жеке рекорды ретінде тіркелді.
Сондай-ақ Денис Евсеев 184-тен 177-ге, Дмитрий Попко 234-тен 223-ке, Тимофей Скатов 271-ден бірден 247-ге шықты.

Үздік үштікте бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, италиялық Янник Синнер, испаниялық Карлос Алькарас тұр.

Жұптық сында Испания өкілі Марсель Гранольерс пен аргентиналық Орасио Себальос бірінші орынды өзара бөліссе, аустралиялық Мэттью Эбден үшінші сатыда.

Қазақстандықтардан Александр Недовесов 42-орында қалса, Андрей Голубев 88-ден 93-ке төмендеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның WTA чемпиондық кестесінде үздіктер қатарында келе жатқанын жазған болатынбыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ