Александр Вучич қазақстандық арнайы жасақ сарбаздарының жетістіктеріне тәнті болды

0
12

UAE SWAT Challenge-2026 жарысында қазақстандық арнайы жасақ сарбаздарының көрсеткен нәтижелеріне тәнті болған Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевқа қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасуды ұсынды.

Сербия басшысы халықаралық UAE SWAT Challenge-2026 турниріне ерекше тоқталды. Бұл жарысқа Қазақстан мен Сербия командалары қатысты. Вучич қазақстандық арнайы жасақтың дайындық деңгейінің өте жоғары екенін атап өтіп, олардың сербиялық жауынгерлерді оқытуына ниет білдірді.

“Қазақстан сөзсіз әлемдегі үздік елдердің бірі. Сіздердің сарбаздарыңыз жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Олардың біздің жауынгерлермен тәжірибе бөліскенін қалар едім”, – деді Сербия Президенті.

Сонымен қатар Сербия Президенті олардың командасы кейбір сайыс түрлерінде жақсы нәтиже көрсеткенін, алайда бірқатар жарыстарда күткен нәтижеге қол жеткізе алмағанын айтты. Ал қазақстандық жігіттер мен қыздар бірде-бір жарыста қателік жібермеген.

“Мен бұрын-соңды мұндайды көрген емеспін. Сіздердің арнайы бөлімшелеріңіздің қызметкерлері ең жоғары дайындық пен кәсібилік деңгейін көрсетті”, – деп түйіндеді Вучич.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Дубай қаласында өткен UAE SWAT Challenge-2026 жарысында айқын жеңіске жеткен болатын.

UAE SWAT Challenge жарысы көптен бері элиталық арнайы бөлімшелерге арналған өзіндік «олимпиада» ретінде бағаланып келеді. Мұнда тек физикалық дайындық қана емес, тактикалық ойлау, жедел әрекет ету, мергендік, командамен үйлесімді жұмыс істеу және үлкен қысым жағдайында шешім қабылдау қабілеті сыналады.

UAE SWAT Challenge -жай ғана шара емес. Бұл – әлемнің үздік арнайы бөлімшелері қатысатын халықаралық кәсіби турнир.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ