Алматы облысында 17 жастағы жігіт қаза тапты

0
209

Алматы облысында жол апатынан 17 жастағы мопед жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

22 тамызда Байсерке ауылындағы қиылыстардың бірінде Toyota Camry мен мопед соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісінің сөзіне қарағанда, ол мопедті байқамай қалған. Мопед жоғары жылдамдықпен көлікке келіп соқтығысып, алған жарақаттан жасөспірім жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Белгілі болғандай, марқұм жігіт 17 жаста болған. Полиция жол-көлік апатының мән-жайын анықтап жатыр, тиісті сараптама тағайындалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ