Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Алматы құрамасы семсерлесуден Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

2026 жылы 5–15 ақпан аралығында Алматы қаласында жастар мен кадеттер арасында семсерлесуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Алматы қаласы Спорт басқармасының мәліметінше, оңтүстік астана спортшылары 32 жүлделі орынды қанжығасына байлап, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Қала құрамасының қоржынында 14 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль бар.

Басқарма өкілдері қол жеткізген нәтиже спортшылардың сапалы дайындығы мен жаттықтырушылар құрамының кәсіби еңбегінің айқын дәлелі екенін атап өтті. Бұл жеңіс Алматының республикалық деңгейде семсерлесу спортын дамытудағы көшбасшылық позициясын нығайта түсті.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда танымал мүсінші Ескен Сергебаевтың көрмесі өтеді

Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

МИЛАНА КРАСАВЦЕВА ШИРЕК ФИНАЛҒА ӨТТІ