Алматы тау бөктеріндегі құрылысты ретке келтіру керек – әкім

0
348
Фото: Halyq Uni

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде жеке тұрғын үйлердің құрылысын реттеу мәселесіне тоқталды, деп хабарлады zamandas.kz  Halyq Uni тілшісіне сілтеме жасап..

Мегаполис басшысының айтуынша, қала әкімдігі бақылауды күшейту есебінен ретсіз құрылысқа қарсы күресте бірқатар ұсынысқа бастамашы болған.

Біз ұсынысымызды енгіздік. Өйткені бүгінде ЖТҚ жай ғана хабарлау арқылы, тиісті бақылаусыз салынып жатыр. Техникалық шарттар автоматты түрде беріледі. Сонымен қатар желілерге қалай қосылады деген көптеген мәселе бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Алматы әкімдігінің құрылыс үрдісін ретке келтіру бастамасын қолдау туралы мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Тек Алматыда емес, барлық жерде құрылысты ретке келтіру керек деп ойлаймыз. Жеке үй салу тұрғындарды өз баспанам болады дегенге ынталандыратынын түсінемін, бірақ бәрі заңды әрі қауіпсіз болуы керек, – деді Ерболат Досаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ