Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанның қарсыластары анықталды

фото:ашық дереккөз
Франция астанасы Париж қаласында Ұлттар лигасының 2024-2025 жылғы маусымының жеребесі тартылды.

Жеребе тарту нәтижесінде Қазақстан В лигасының 3-тобына түсті. Ұлттар лигасы аясында ел құрамасы Австрия, Норвегия мен Словениямен кездеседі.

Ұлттар лигасы, В тобы, 3-топ

Австрия

Норвегия

Словения

Топтық кезеңнің матчтары 2024 жылы 5 қыркүйек пен 19 қараша аралығында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан құрамасы С тобында өнер көрсетті. Топта көш бастап, 13 ұпай еншіледі.

Ұлттар лигасында өз тобында үздік болған құрамалар әлем чемпионатының жолдамасына таласады. Оларға ӘЧ-2026 іріктеуінде екінші орын алған 12 команда қосылады.

Сәйкес жаңалықтар

Елордалық спортшы күміс медаль жеңіп алды

Гимнасшы Елжаңа Таниева көпсайыстан Қазақстан чемпионы атанды

IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шыға бастады