Алматыда балаларға арналған әдеби кітаптар таныстырылды

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің «Балалар әдебиеті: Креативті индустрия, имидж, бренд» атты панельдік сессиясы өтті. Панельдік сессияға ақын-жазушылар, жас қаламгерлер және кітапхана оқырмандары қатысты.
Іс-шара барысында «Балалар кітапханасы» және «Балалар әдебиетінің бағбандары» топтамасымен жарық көрген қазақ жазушыларының кітаптары таныстырылды.
Сондай ақ қатысушылар қазіргі балалар әдебиетінің даму бағытын және оның мәдениет индустриясымен сабақтастығын талқылады.









