Алматыда белгіленген мерзімнен бұрын қаланың жол инфрақұрылымын ретке келтіру жұмыстары басталды

0
11

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматыда белгіленген мерзімнен бұрын қаланың жол инфрақұрылымын ретке келтіру жұмыстары басталды. Қалалық мобилділік басқармасы магистральдық көшелерде жолдарда апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында қыста пайда болған шұңқырлардың жойылатынын хабарлады.

«Асфальтбетон зауыты мерзімінен бұрын іске қосылды, ол пилоттық режимде ауа температурасы минус -5 градусқа дейін төмендеген кезде асфальтбетон қоспасын тығыздауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін энергия үнемдейтін қоспалары бар «жылы асфальт» беретін болады. Бұған дейін ҚР Көлік министрлігі хабарлағандай, бұл технологияны Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) әзірлеп, Республикалық маңызы бар автожолда сынап көрді», – деп атап өтті басқарма.

Қалалық мобилділік басқармасы жұмыс кезеңінде қозғалысқа ешқандай шектеулер болжанбайтынын атап өтті. Сонымен қатар, көше-жол желісін ағымдағы жөндеу бойынша негізгі жұмыстарды аудан әкімдіктері мен ҚМБ көктемгі-жазғы кезеңде жүргізетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы қалалық мобилділік басқармасы желісі бойынша 300 шақырым жолды орташа жөндеу, 35 шақырым жаңа жол салу, Сейфуллин–Жансүгіров жолайрығын, Рысқұловтан Мөңке биге дейінгі Сайын көшесі мен Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі аралықтарын іске қосу жоспарланған. Бұл жұмыстар сапалы жолдардың үлесін 2024 жылғы 92% – дан 2025 жылы 95% – ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз