Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Алматыда есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі фронт-кеңсе ашылды

Алматыда Esirtkisiz QAZAQSTAN жобасы аясында есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі фронт-кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл іс-шара «Esbol Qory» қоғамдық қорының («Есірткісіз Болашақ» ҚҚ) бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.

Фронт-кеңсенің мақсаты мен қызметтері:

– Жастарды, ата-аналар мен мұғалімдерді өмірлік дағдыларға үйрету;
– Кешенді және жүйелі алдын алу шараларын өткізу;
– Есірткіге қарсы белсенділерді БҰҰ стандарттарына сай даярлау;
– Алматы қаласындағы есірткі ахуалын бақылау және алдын алу шешімдерін әзірлеу.

Осындай фронт-кеңселердің құрылуы – қоғамда тұрақты есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ұлттық стратегияның бір бөлігі.

Фронт-кеңсе Алматы қаласы, Серіков көшесі, 6а/1 мекенжайында орналасқан.

 

Сәйкес жаңалықтар

Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті

Алматыда құрылысшылар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Таңдау еркіндігі, ашықтық және қызметтер сапасының артуы