Алматыда коронавирусқа қарсы ревакциналау басталды
Мегаполисте COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды. Бүгін алғашқылардың бірі болып №4 қалалық емханада Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев екпе алды, деп хабарлайды zamandas.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомства мәліметінше, қазіргі кезде ревакцинация жасау үшін инактивтендірілген QazVac және Sinopharm (Vero Cell) вакциналары қолжетімді.
Бірінші кезекте ревакцинацияға тұрғындардың осал топтары жатады, олар – медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік, жабық балалар мекемесі, 60 жастан асқан адамдар, КВИ қарсы толық вакцинация курсынан кейін антитела анықталмаған иммунитеті төмен адамдар, өз бетінше тексерілген және КВИ-ға қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар жатады.
Коронавирусқа қарсы ревакцинация векторлық вакцинадан соң 9 айдан кейін жасалады. Инактивтендірілген және м-РНК-вакцинадан соң 6 айдан кейін жасалады.
Сондай-ақ, қалалық емханаларда жүкті әйелдерге, 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға және бала емізулі аналарға COVID-19 врусына қарсы Pfizer компаниясының «Комирнати» екпесін салу да жүргізіліп жатыр.