Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді

0
10

2026 жылы 13-23 наурыз аралығында Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтеді. Он күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік демалысты тиімді саудамен және мәдени-ойын-сауық шараларымен ұштастыра алады.

Бұл бастама қазақстандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және Наурыз күндері қалада ерекше мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған республикалық акция аясында жүзеге асырылады.

«Nauryz Sale» науқанына Алматының ірі сауда-ойын-сауық орталықтары қатысады. Олардың қатарында Forum Almaty, Globus, Mega Park, Aport East, Almaty Mall, Dostyk Plaza, Moskva, Mart және Sputnik Mall бар.

Акция кезеңінде сауда орталықтарында тауарлардың әртүрлі санаттарына 10-30% көлемінде жеңілдік ұсынылады.

Науқан аясында қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне ерекше назар аударылады. Сауда залдарында отандық брендтердің тауарлары қойылатын арнайы аймақтар ұйымдастырылып, келушілер оларды нарықтағы бағадан 10-20% төмен бағамен сатып ала алады.

Сатып алушыларға ыңғайлы болуы үшін акциялық тауарлар арнайы навигациямен және «Nauryz» тақырыптық безендіруімен белгіленеді. Тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер мен басқа да навигациялық элементтер жеңілдігі бар тауарларды оңай табуға мүмкіндік береді.

Тиімді саудамен қатар, сауда орталықтарының қонақтарын мазмұнды мерекелік бағдарламаға куә болады. Сауда-ойын-сауық орталықтарының алаңдарында:

* тақырыптық жәрмеңкелер мен фестивальдер
* концерттер мен музыкалық бағдарламалар
* ұлттық нақыштағы фотоаймақтар
* балалар мен ересектерге арналған интерактивті алаңдар мен ойындар ұйымдастырылады.

Мерекелік іс-шаралардың негізгі бөлігі 20-23 наурыз аралығында Алматы қаласындағы сауда орталықтарының алаңдарында өтеді.

Сонымен қатар сауда орталықтарының LED экрандарында Наурыз мерекесінің дәстүрлеріне арналған бейнероликтер көрсетіледі.

«Nauryz Sale» акциясы Алматыдағы көктемгі маусымның жарқын оқиғаларының біріне айналып, мерекелік атмосфераны, мәдени бағдарламаларды және тиімді сауда мүмкіндіктерін біріктіреді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын сауда орталықтарына келіп, мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ