Алматыда Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған стади-тур өтті
Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған стади-тур ұйымдастырылды. Іс-шараға Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары кеңестерінің мүшелері қатысты.Бұл туралы zamandas.kz хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара аясында қатысушылар Алматыда бизнесті дамыту бойынша қоғамдық мониторинг ұйымдастырды. Онда олар әлеуметтік, білім беру және мәдени мәселелерді шешу тетіктерімен, сондай-ақ мегаполисте жеке кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қолдау мәселелерімен танысты.
Қатысушылар мониторинг қорытындысы бойынша отырыс өткізіп, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді дамыту мәселелерін талқылады.
Келесі стади-тур Астана мен Қарағанды облысында өтеді деп жоспарланған.