Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиКультура

Алматыда Роза Бағланова тұрған үйде мурал салынды

Алматының Медеу ауданындағы Самал-3 шағынауданы, 21-үйдің қасбетіне КСРО Халық артисі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың бейнесі салынған мурал салынды.

Мурал тұрғындардың әкімдікке жасаған өтініші негізінде жүзеге асырылды. Осыдан кейін көркем нысанды жасау жұмыстары ұйымдастырылған. Жобаның ерекше маңыздылығы — Роза Бағланованың кезінде дәл осы үйде тұрғанында. Енді ғимарат қасбеті ұлы өнер иесіне деген құрмет пен тағзымның символына айналды.

Жобаны дайындау және жүзеге асыру жұмыстарына Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова да қатысқан. Ол атқарылған жұмысқа жоғары баға беріп, жобаны жүзеге асырған азаматтарға алғыс білдірді.

Осылайша, Халық артисінің жарқын бейнесі енді халық жадында әрі ұлттық өнер тарихында ғана емес, Алматы қаласының сәулеттік келбетінде де мәңгілікке сақталмақ.

Сәйкес жаңалықтар

В Казахстане закроют 700 программ и запустят новые: Аида Балаева сделала видеообращение о трансформации образования

Шымкент поддерживает курс на Справедливый Казахстан – Коалиция

Нужно ценить каждую минуту на свободе»: осужденная за наркопреступление рассказала о раскаянии