Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиҚоғам

eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы

eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасын Google Play (қажетті Android нұсқасы — 5.0 немесе одан кейінгі), AppGallery, AppStore (қажетті iOS нұсқасы — 11.3 немесе одан кейінгі) арқылы жүктеп алуға болады.

Қосымшаға ЭЦҚ* көмегімен авторизациядан өту

eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы тіркелуге болады:

«Кіру/тіркелу» бөлімін таңдап, әрі қарай Digital ID парақшасында бейнетексеруден өтесіз;
БМГ жүйесінде пайдаланушының бар-жоғы тексеріледі;
ҚР ҰКО-дан жаңа ЭЦҚ шығарылады;
Тіркеуді аяқтап, қолданыстағы ЭЦҚ-ны 4 таңбалы PIN-кодқа және құрылғыңыздың кіріктірілген биометриясына (Face ID, Touch ID) байланыстырасыз.

Қосымшаның басты бетінде ұсынылған:

«Цифрлық құжаттар» — eGov Mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтауға арналған сервис. Сервис азаматтың келісімі бойынша үшінші тұлғаларға құжаттарға қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. Сондай-ақ Цифрлық құжаттар офлайн режимде де қолжетімді.

eGov QR . QR кодты сканерлеу арқылы келесі мүмкіндіктер қолжетімді:

* egov.kz сайтында қосымша арқылы QR кодты сканерлеу көмегімен авторизациядан өту және қызметтерге қол қою;

* ХҚКО-да қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж салығын төлеу;

* сондай-ақ QR кодты сканерлеу арқылы «Цифрлық құжаттар» сервисінде үшінші тұлғаның құжатын көруге қол жеткізуге болады. eGov mobile ҚР мемлекеттік органдарының сервистерін шақыру арқылы рұқсат берілген құжатты жүктейді.

* авторизациядан өту, Цифрлық құжаттарды тексеру және қол қою үшін QR кодты сканерлеу.

Басты беттегі сервистер:

eOtinsh — мемлекеттік органдарға өтініштер (жолданымдар) беру үшін арналған, сондай-ақ өтініштерді «Жолданымдар» бөлімінде көруге болады.

eSalyq — бюджетпен есеп айырысу туралы мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігін береді, сондай-ақ реквизиттерді көрсетпей салық әмиянын толықтыруға мүмкіндік береді.

eDensaulyq — донорлық мәртебесі, электрондық рецепттер, медициналық қарсы көрсетілімдер, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансеризация, ауруханаға жатқызу, зертханалық зерттеулер нәтижелері мен еңбекке жарамсыздық парақтары туралы ақпаратты көрсетеді.

Электрондық еңбек биржасы — жұмыс іздеуге мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық жұмысқа орналастыру алаңы.

Зейнетақы калькуляторы — болашақ зейнетақы төлемдерінің болжамды мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді және т.б.

«Профиль» бөлімінде әртүрлі мемлекеттік дерекқорлардан алынған отбасы, жеке құжаттар, әлеуметтік мәртебе, зейнетақы жинақтары, еңбек қызметі, бизнес, менің карталарым, автокөлік және жылжымайтын мүлік туралы ақпарат, жер учаскелері, әкімшілік айыппұлдар және т.б. жөніндегі жеке ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ ЭЦҚ қолданылу мерзімі туралы ақпарат қолжетімді.

Профиль бөлімінде қосымша баптаулары, жиі қойылатын сұрақтар, виртуалды ассистент, бізбен байланысу бөлімдері де қолжетімді.

Сәйкес жаңалықтар

В рамках заседания глав делегаций стран-участниц Среднего коридора подписаны ключевые соглашения

Порядка 202 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери в виде пособий с начала 2025 года

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании