Алматыдағы метро құрылысынан 5 миллиард қаржы жымқырған 10 адамға қатысты үкім шықты

0
37
Метро Алматы транспорт Көлік люди адамдар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

 — Алматы қаласының Алмалы аудандық сотымен оңтүстік астанадағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған 10 адамға қатысты үкім шықты. Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді көлік прокуратурасы жүргізді. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді. 

Мәлім болғандай, сотталушылар «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ, «Автоматтандыру және технологиялар қызметі» ЖШС-да басшылық лауазымда отырып, сыбайлас топпен бірге 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейінгі кезеңде «Сарыарқа» және «Достық» станцияларын салу барысында қаржы жымқырған. Айласын асырғандар құжатта жабдықтың құнын артық көрсетіп (іс жүзінде 10 есе), тұрақты түрде ірі көлемдегі ақшаларды жалған фирмалар арқылы шығарғаны дәлелденді.

Сот шешімімен Алматы метросының бұрынғы басшысы Ербол Әбілдиновқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ Е.Абжаппар мен Е.Қапаев 8 жылға, Ж.Арисова мен Н.Арисов 7 жыл 6 айға, В.Хен 7 жылға сотталды. Ж.Арисованың 2023 жылы туылған сәбиінің болуына байланысты оған жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды. Қалған айыпталушылар – Қ.Бекмұхамбет пен А.Рахымжанов 2 жыл 9 айға, ал А.Хегай мен Н.Акишевке 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар Ербол Әбілдинов өмір бойына, ал қалған айыпталушылар белгілі бір мерзімге қаржы саласындағы жауапты лауазымдарды және басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сот Е.Әбілдинов, Е.Абжаппар, Е.Қапаев, Ж.Арисова, Н.Арисов және В.Хеннің әрқайсысын 50 млн 893 мың теңге шығынды өтеуге міндеттеді.

Сонымен қатар, сот 1 млрд теңгеден астам сомаға тыйым салынған мүлікті тәркілеуді қолданып, мемлекетке келтірілген шығынды өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін «Метрополитен» КМК-да 5 млрд теңге жымқыру дерегі бойынша тергеу 2023 жылы 28 тамызда аяқталғанын жазған едік.

Сондай-ақ «Сары арқа» және «Бауыржан Момышұлы» жаңа метро стансаларының құрылысы кезіндегі 5 миллиард теңгенің ұрлануына қатысты сот процесінің барысы туралы жазғанбыз.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз