«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобындағы сенаторлар этносаралық қақтығыстардың алдын алу және проблемаларын талқылады

0
123
«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобындағы сенаторлар этносаралық қақтығыстардың алдын алу және проблемаларын талқылады
 фото сенат
Отырыс жұмысына сонымен қатар ішкі істер, оқу-ағарту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ғылым және жоғары білім министрліктерінің, сондай-ақ Бас прокуратура мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

 

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобындағы сенаторлар «Этносаралық қатынастарда жанжалдар туындауының проблемалық мәселелері және олардың алдын алу» тақырыбында көшпелі отырыс өткізді.

Депутаттық топтың төрағасы Нұртөре Жүсіп отырысты аша келіп, этносаралық аспектімен қақтығыстар кезінде түрлі этнос арасындағы қарым-қатынастардың күрделі процестері бірінші орынға шығатынын атап өтті. Мұндай жағдайлардың өрістеуіне діни, мәдени, аумақтық, тарихи және саяси факторлар әсер етеді.

«Этносаралық ерекшелігі бар мәселелерді шешудің қиындығы – бұл жағдайда жалпыға бірдей тәсілдер жоқ. Әлемдегі проблемалардың мәдени айырмашылықтар немесе әртүрлі саяси көзқарастарға байланысты іс жүзінде «тақыр жерде» туындауы мүмкін екеніне куә болып отырмыз. Әлемде этносаралық қақтығыстардың туындауына әкелетін факторларға қарамастан, оның нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен қолданыстағы заңдардың жаппай бұзылуы орын алады. Мемлекет тарапынан тиісті бақылау болмаған жағдайда – бұл өткір этносаралық қақтығыстарға әкелуі мүмкін», – деді Нұртөре Жүсіп.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі өз кезегінде этносаралық келісімді ілгерілету жөніндегі орталық және жергілікті органдармен бірлескен жұмыс туралы айтып берді. Мәселен, әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіледі. Этносаралық қақтығыстардың алдын алу үшін құқық қорғау және жергілікті органдардың жұмысын үйлестіруге бағытталған 5 арнайы іс-қимыл жобасы әзірленді. Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті құқық қорғау органдарымен бірлесіп өңірлердегі ахуалды күн сайын бақылап отырады.

Отырыс жұмысына сонымен қатар ішкі істер, оқу-ағарту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ғылым және жоғары білім министрліктерінің, сондай-ақ Бас прокуратура мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ