Алтын арзандап жатыр

0
30
Фото: Ұлттық банк

Бүгінде 1 грамм алтынның ресми құны – 33 835,57 теңге. Ұлттық банктің дерегінше, бұл кешегімен салыстырғанда 1% (355,14 теңге) төмен, деп хабарлады Telegram-дағы Data Hub арнасы.

Бағалы металл үшінші күн қатарынан арзандап жатыр. Осыған дейін 18 сәуірде оның құны тарихи жоғары деңгейге көтерілген: 1 грамм алтын – 34 546,96 теңге. Осы көрсеткішпен салыстырсақ, бағалы металл 2,1% (711,39 теңге) төмендеген.

Кеше алтынның әлемдік бағасы апталық ең төменгі деңгейге дейін, 2% төмендеген. Себебі Таяу Шығыстағы қақтығыс қаупі азайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ