Амал мерекесіне арналған мерекелік шара өтті

Бүгін Жалағаш ауданының орталық алаңында Амал мерекесі – Көрісу күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген тағылымды шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халықтың бірлігі мен татулығын нығайтуды мақсат етті.
Мерекелік шара барысында ұлттық тағамдар ұсынылып, халқымыздың бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен насихатталды.
Шара барысында аудан тұрғындары бір-бірімен көрісіп, қол алысып, төс қағыстырып, ақжарма тілектерін білдірді. Үлкендер жастарға бата беріп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Алаңда ұлттық дәстүрдің рухы сезіліп, халық арасында береке-бірлік пен ізгілік құндылықтары кеңінен дәріптелді.
Амал мерекесі – адамдарды жақындастырып, ағайын-туыс пен көрші-қолаңның арасындағы сыйластықты арттыратын, татулық пен мейірімділікті насихаттайтын игі дәстүр. Көрісу күні – халқымыздың бір-біріне деген құрметі мен ықыласын білдіретін ерекше мереке.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аталып өтетін бұл мереке әр шаңыраққа амандық, бақ-береке мен молшылық әкелсін!
#Nauryznama
#ҰлыДалаНаурызы









