«AMANAT» партиясы барлық игі істің алғы шебінде жүруі тиіс – Ерлан Қошанов

0
91

«AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумы басталды деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, партия төрағасы Ерлан Қошанов форумда сөз сөйледі.

«Елімізде үш жарым мыңға жуық мәслихат депутаты болса, соның екі жарым мыңы, яғни 75 проценті бүгін осы залда отыр. Сондықтан, мұндай басқосулар билік тармақтарының өзара байланысын нығайтып, ортақ конструктивті шешімдер қабылдауға жол ашады деп сенемін. Бүгінгі Форумның басты мақсаты – мемлекет пен қоғам алдында тұрған, халықты толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді  бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу.Бұл – уақыт талабы», – деді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, аумалы-төкпелі кезеңде ел Президенті бұрын-соңды болмаған түбегейлі институционалды өзгерістерді қолға алды.

«Бұл, бір жағынан орасан тәуекел болса, екінші жағынан мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғамды сауықтырудың, жаңару мен жаңғырудың жалғыз әрі төте жолы. Халқымыз бұл өзгерістерге терең түсіністік танытып, қызу қолдап отыр. Ең бастысы, Мемлекет басшысының  реформалары іс жүзінде нәтижесін беріп те жатыр. Барлық салада ілгерлеушілік бар. Өткен бір жылдың ішінде бес бірдей тағдыршешті саяси науқан өткіздік. Елдегі саяси өзгерістер бүгінгі реформалардың темірқазығына, болашақтағы ел дамуының кепіліне айналды. Біз осы жолдан айнымаймыз», – деді ол.

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан мен Адал азамат» концепциясын ұсынды.

«Әділет пен адалдық – ажырамас ұғымдар.  Ал, осы ұғымдардың салтанат құруы үшін қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтар өзгеруі керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз. Бұл бізге де қатысты. Осы жолда «AMANAT» партиясы барлық игі істердің алғы шебінде жүруі тиіс. «AMANAT» дегенде ойға не оралады? «AMANAT» – бұл еліміздегі ең ірі, ықпалды саяси күш. «AMANAT» дегеніміз – 800 мың партияластар. «AMANAT» дегеніміз – 2,5 мың мәслихат депутаттары. Бүгінгі таңда әр облыста, әр қала мен ауданда партия бөлімшелеріміз бар. Әр елдімекенде бастауыш ұйым жұмыс істейді. Біз әрдайым елмен біргеміз. Елдің қалың ортасында жүрміз. Халықтың сенімі бізге күш береді. Сол сенімнің арқасында, өткен сайлауда Мәжілісте де, мәслихаттарда да басым дауысқа ие болдық. Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсындық. Министрлерді тағайындадық. Мәслихаттағы фракцияларымыз облыстар мен мегаполистердің әкімдерін тағайындады. Бір сөзбен айтқанда, «AMANAT» зор абырой мен орасан жауапкершілік дегенді білдіреді», – деді партия төрағасы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ