Ақтөбеде мектеп оқушысы 8 жылға сотталды

0
103

Ақтөбеде 17 жастағы оқушы сотталды деп хабарлады Sputnik Қазақстанның ресми сайты.

Сотталушы бірнеше оқушыны әдейі ұрған, салдарынан біреуі қайтыс болды. 17 жастағы жасөспірім 8 жыл бойы колонияда жазасын өтейді.

«Достанов ҚР ҚК 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Достанов кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтесін», – деп үкімді судья Мираш Жүгүнісова оқыды.

Сонымен қатар сот қаза тапқан баланың ата-анасына 11 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге қаулы етті.

Қайғылы оқиға былтыр желтоқсанда Шалқар ауданы Бегімбет ауылында болды.

Жәбірленуші 14 жасар Рустем ауруханаға түскен, ол сол жерде қайтыс болды. Марқұмның ажалына күдікті ретінде бір мектепте оқитын жоғары сынып оқушысы қамауға алынды.

Тергеу сол күні Достановтың ішімдік ішіп, өзінен кіші балаларға тиіскенін анықтады. Сотталушы орта мектеп оқушыларын қатарға тұрғызып, әрқайсысын кезекпен ұра бастаған. Соққы салдарынан Рустем ажал құшқан. Ол ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз