Қамаудан шыққан Әбдіжаппар Әлқожа киімдерін өртеп жіберді

0
137
Фото: әлеуметтік парақшадан
Қамаудан шыққан әнші Әбдіжаппар Әлқожа киімдерін өртеді

Әлқожа қамауға алынған кезде киіп жүрген киімін өртеп жатқан видеосын жариялады. Әнші бейнежазбаға мұңды ән қойып қойған. Видео сипаттамасында өлең жолдары жазылған.

Онда “Адым сайын аңдыған Қақпаннан сирақ қанады”, “Айналамның барлығы шибөрі болып барады”, – деген сияқты жолдар бар.

Әлеуметтік желі қолданушылары роликтің мәні мен киімдерін өртеу себебін түсінбегенін жазып жатыр.

“Бұл видеоның қандай мәні бар?”, – деп жазылған пікірлердің бірінде.

Естеріңізге сала кетсек, 6 шілде күні полиция қызметкерлері Toyota Camry көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында аталған көліктің жүргізушісі көлік құралын басқару құқығынан айырылып, рөлде отырғанын анықтады. Әбдіжаппар Әлқожаның өзі басқа KIA Carnival көлігінде жолаушы ретінде болған. Ол сол сәтте тәртіп сақшыларына қысым көрсетіп, құқық бұзушыны тіркеуге кедергі келтіре бастағаны айтылған. Сонымен бірге, полицейлердің айтуынша, әнші мас күйде болған. Ол он тәулікке қамауға алынған еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ